$ 517.45  598.59  6.58
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ТЖМ басшысы 11 адамның суға кетуіне қатысты пікір білдірді

Қазір тергеу орындары оқиғаның себебін анықтап жатыр

ТЖМ басшысы 11 адамның суға кетуіне қатысты пікір білдірді
Фото: facebook.com/Beisen Tazhibaev

Үкімет отырысының кулуарында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Түркістан облысында болған жазатайым оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазір іздеу жалғасып жатыр. Сонымен қатар, тергеу органдары бұл оқиғаның себебін анықтауға кірісті. Қайғылы оқиға болған жерде суға шомылу үшін тиісті жағдай жасалмаған. Ол жерге төрт отбасы демалуға барған. Лауазымды адамдардың жауапкершілігі тексеруден кейін анықталады», - деді Шәріпханов.

Еске салайық, қайғылы жағдай 21 тамызда кешкі уақытта болған. Сырдария өзеніндегі автокөлік көпірінің маңында бір-біріне жақын туыс болып келетін 4 отбасының 20 шақты адамы демалып жүрген. Алайда демалыс соңы аса қайғылы жағдайға ұласып, 11 адам шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға батып кеткен.

Авторы: Аягөз Құрмаш

Серіктес жаңалықтары