30.05.2023, 14:39
Оқиғалар
Павлодар облысында 5 жасар қыз кір жуғыш машинаға кептеліп қалды
Оқиға Тереңкөл ауылында болған
Павлодар облысында 5 жасар қыз кір жуғыш машинаға кептеліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 11:14-те Тереңкөл ауылында баланың кір жуғыш машинаға кептеліп қалғаны туралы хабарлама түскен.
"Оқиға орнына №8 өрт сөндіру бөлімінің үш қызметкері жұмылдырылып, арнайы құралдардың көмегімен 2018 жылы туған қыз баланы алып шықты. Қазір оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", – дейді департаментте.
Бала барабанның ішінен ойыншықты алғысы келіп, аяғы қыстырылып қалған.
Баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді