30.05.2023, 15:12
Оқиғалар
Атырау облысында жасөспірім суға батып кетті
Қайғылы оқиға Құманғазы ауданында болған
Фото ашық дереккөзден
Атырау облысында жасөспірім канал суына батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға кеше, 29 мамырда болған.
"Сағат 17:07шамасында Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау ауылының бойымен өтетін «Шарон» өзенінің сағасы «Жіңішке» каналында суға түсуге тыйым салынған жерде балалар суға түсіп, соның бірі 2008 ж.т. жасөспірім тереңдігі 3 метр болатын канал суына шомылу кезінде батып кеткендігі анықталды. Су асты іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде сағат 19:05-те ТЖД қызметкерлері және ауыл тұрғындарының күшімен жасөспірімнің мүрдесі судан шығарылды", - -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді