$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.05.2023, 13:56
Оқиғалар

ҰҚК шекарадан ірі көлемде есірткі заттарын өткізбек болғандарды ұстады

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу ісі басталды

ҰҚК шекарадан ірі көлемде есірткі заттарын өткізбек болғандарды ұстады
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҚР ҰҚК Шекара қызметі есірткі заттарын ірі көлемде өткізудің екі әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.    

«Жамбыл облысының «Ауқатты» өткізу пунктінде көлігінің арнайы әзірленген құпия жеріне жасырып 62,2 келі қатты әсер ететін есірткі заттарын (апиын – шамамен 24 кг, гашиш – 38,2 кг) Қырғызстаннан Қазақстанға өткізбек болған шетел азаматы ұсталды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының «Қарақоға» өткізу пунктінде Қазақстаннан Ресейге 62,4 келі кептірілген марихуананы өткізу әрекеті кезінде Қазақстан азаматы ұсталды.

«Есірткі эвакуатормен тасымалданып келе жатқан көліктен табылды. Аталған фактілер бойынша құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеулерді бастады», - деді ҰҚК өкілдері.

Серіктес жаңалықтары