$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.03.2020, 22:23
Оқиғалар

Коронавирус: Lufthansa Қазақстанға ұшуын тоқтатты

Жолаушылар 25 сәуірге дейін әуе компаниясының қызметін пайдалана алмайды

Коронавирус: Lufthansa Қазақстанға ұшуын тоқтатты

2020 жылдың 11 наурызы мен 24 сәуірі аралығында Lufthansa неміс әуе компаниясы Қазақстанға рейстерін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттің мәліметінше,бүгінгі күнге дейін әуе компаниясы Франкфурт-Алматы-Франкфурт (аптасына 4 рет) және Франкфурт-Алматы-Нұр-Сұлтан (аптасына 3 рет) бағыттары бойынша ұшып келген.

Lufthansa компаниясының ақпаратынша, ұшақтар 2020 жылдың 25 сәуірінен бастап қайта ұша бастайды.

 «Рейстер тоқтатылған күнге билет алған жолаушылардың ақшасы толық көлемде қайтарылады», - делінген әуе компаниясының хабарламасында.

2020 жылдың 3 наурызынан бастап «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ базасында коронавирусқа қатысты жағдайды бақылау үшін тиісті орталық  жұмыс істей бастады. Орталықта Қазақстанмен әуе қатынастары бар елдерде инфекция жұқтырған адамдардың статистикасына қадағалау жүргізіледі.

Жолаушылар ұшуы тоқтатылған бағыттар бойынша мәлімет алу үшін «Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне» 8 (7172) 64 58 41 нөмірі бойынша хабарласа алады.  

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#әуе рейсі #ұшақ