11.03.2020, 21:54
Оқиғалар
Таиланд тарапы виза беруді тоқтатқаны жайлы ресми ақпарат жіберген жоқ - СІМ
Дипломаттар мән-жайды түсіндірді
ҚР Сыртқы Істер министрлігінің хабарлауынша, бірқатар отандық БАҚ Таиланд билігі коронавирустың таралуына байланысты 18 мемлекетке оның ішінде Қазақстан азаматтарына да елге кіру тәртібін қатаңдатты деген мәлімет таратқан. Алайда, СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың сөзінше, әзірге Таиланд тарапынан ресми ақпарат түспеген.
«Біздің Бангкоктағы елшілігіміз Таиланд Сыртқы істер министрлігімен байланысып, бұл мәселе тай құзыретті органдарының қарауында жатқанын және аталмыш ережелердің өз күшіне енбегенін анықтады. Қандай да бір ақпарат пайда болған жағдайда, біздің дипломаттарға алдын ала хабарлайтын болады», - деді ресми өкіл.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті