Жетісу облысында шекарадан заңсыз ақша алып өтпек болған шетелдіктер ұсталды

Azattyq Rýhy

Олардың бәрі «Нұр жолы» кеден бекетінде анықталды

Жетісу облысында шекарадан заңсыз ақша алып өтпек болған шетелдіктер ұсталды
Фото: Жетісу облыстық МКД баспасөз қызметі

Тек соңғы 15 күн ішінде «Нұр жолы» кеден бекетінде шетел валютасын тасымалдаудың 5 фактісінің жолы кесілді. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Нұр жолы» кеден бекетінің  қызметкерлері қорғаныс кешенінің шекаралық бақылау қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына  шығудың әкімшілік залында 15 күн ішінде шетел валютасын тасымалдауға тырысудың 5 фактісін анықтады», - делінген хабарламада.

Қытай Халық Республикасының азаматынан  16 наурызда 10 000 АҚШ доллары, 1100 юань және 73,5 мың теңге сомасында декларацияланбаған қаражат анықталды.

«18 наурызда  Тәжікстан азаматы  11 875 АҚШ долларын, ал 25 наурыздаҚытай  Республикасының азаматтары 5,0 млн теңге, 416 юань және 1,7 млн теңге және 14 500 АҚШ долларын декларацияламағаны анықталды

Сәуірдің басында Қытай азаматы 15 500 АҚШ долларын декларацияламай алып өтпек болды» - дейді ведомство өкілдері.

Барлық фактілер бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгіленген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынған еске салады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.