05.04.2023, 15:56
Оқиғалар
Екібастұзда сауда үйінің жанында көлік өртеніп кетті
Өрт кезінде зардап шеккендер болған жоқ
Екібастұзда сауда үйінің жанында көлік өртенді. Көліктің қозғалтқыш бөлігінде резеңке бұйымдар жанған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 5 сәуір күні сағат 11:47-де Екібастұз қаласында «MaxiMall» және «Болашақ» сауда үйлерінің арасында автокөлік өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Өрт сөндірушілер барған кезде Әуезов көшесі, 47 мекенжайында ашық жерде 1991 жылы шыққан «Volkswagen Passat» автокөлігінің жанып жатқаны анықталды. Автокөліктің қозғалтқыш бөлігінде резеңке бұйымдар өртенген», - деді департаментте.
Өрт 2 шаршы метр аумақты қамтыды. Өрт сағат 12:01-де жойылды. Оқиға кезінде зардап шеккендер болған жоқ.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді