29.02.2020, 10:29
Оқиғалар
Павлодар облысында банкоматты жарып жіберген адам ұсталды
Ол жеңіл жолмен ақша таппақ болған
Фото: ашық дереккөзден
Ақсу қаласының жедел уәкілдері 1995 жылы туған қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды polisia.kz.
Ол қасақана өрт қойып, жарылыс жасап, қауіпті жолмен бөтен адамның мүлкін қасақана зақымдады деген күдікке ілінді.
«27 ақпан күні түнде «Еуразиялық Банк» АҚ күзет қызметкерінен полиция бөліміне Ақсу қаласындағы банк филиалында банкомат жарылғаны туралы хабар келді. Ер адам банкоматты пайда көру үшін қасақана жарған», - делінген ақпаратта.
Кейін банкоматта ақша болмағаны анықталды. Жедел-тергеу тобы оқиға орнында болды. Зардап шеккендер жоқ.
Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 202-бабы, 1-бөлімі, 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көп оқылған
22.11.2026, 08:33
Елордада тұмау жұқтырғандар көбейді: науқастар арасында балалар мен жүкті әйелдер бар
22.11.2026, 16:07
23 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
22.11.2026, 10:40
Ақтөбе облысында көліктің барлық түрі үшін жол ашылды
22.11.2026, 07:29
Астанада жаңбыр қарға ұласып, Шымкентте найзағай ойнайды: үш мегаполисте ауа райы құбылады
22.11.2026, 13:15
СҚО-да жабылған тасжолдардағы қозғалыс қайта ашылды
22.11.2026, 06:19
Қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы Ташкентте әлем чемпионы атанды
