$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.02.2020, 05:36
Оқиғалар

Мұздатқышқа салынған нәресте ісі: бұрынғы басшы 5 млн теңге айыппұлмен құтылды

Сот экс-шенеуніктің өз айыбын мойындағанын және зейнеткерлік жасына бір жыл қалғанын ескерді

Мұздатқышқа салынған нәресте ісі: бұрынғы басшы 5 млн теңге айыппұлмен құтылды
© CC0 / Jeff Allen

Қызметке кім көрінгенді алып, ақыры 5 миллион теңге айыппұл арқалап тынды. Атырау соты бүгін Облыстық денсаулық басқармасының бұрынғы басшысы Мәншүк Аймұрзиеваға осындай үкім кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

Экс-шенеуніктің өз айыбын мойындауын және зейнеткерлік жасына бір жыл қалғанын ескерген сот осындай жеңіл жаза тағайындады.

Айта кетейік, Мәншүк Аймұрзиева өз міндетіне салғырт қарап, оның соңы ауыр зардаптарға әкеп соқтырды деп айыпталған болатын. Ол басшы болған мерзім ішінде Атырау облыстық перзентханасында жаңа туған нәрестені мұздатқышқа тірідей салу фактісі тіркелген еді.

Бұл іске тікелей қатысы бар Бас дәрігер әлі тергеліп жатыр. Ал экс-шенеунік сол Нысанбаевты талапқа сай болмаса да жұмысқа қабылдағаны үшін айыпты. Нысанбаев бас дәрігер болып келгелі облыстық перинаталдық орталықта сәби өлімі күрт артыпты.

«Сот отырысына өздеріңіз қатыстыңыздар, Аймұрзиева кінәсін толықтай мойындап, тергеуге және сотта анықталған мән-жайлардың ешқайсысына дау келтірмей, өз кінәсін мойындады», – деп хабарлайды Атырау қалалық №2 сотының төрағасы Мейрамбек Нағашыбаев.  

Серіктес жаңалықтары