29.02.2020, 11:21
Оқиғалар
Ақтөбеде қалыңдығын өлтірген жігіт 11 жылға сотталды
Бірінші инстанциядағы сотта ол 10 жылға сотталған еді
Фото: diapazon.kz
Ақтөбе облысында Әсем Эльбрусованың өліміне қатысты аппеляциялық сот өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.
Бірінші инстанциядағы сот 23 жастағы сотталушыны 10 жылға соттаған еді. Сонымен қатар моральдық өтемақы ретінде үш миллион теңге төлеуін міндеттеген. Дегенмен, жәбірленуші тарап бұл үкімге қарсы шықты.
«Облыстық аппеляциялық сот алқасы үкімді өзгертті. Орынбасаров 11 жылға сотталды және ол моральдық өтемақы ретінде 7 миллион теңге төлеуі тиіс», - деп жазылған хабарламада.
Айта кету керек, 22 жастағы қызды жалдамалы пәтерде оның болашақ жолдасы Бақыт Орынбасаров буындырып өлтірген. Осы оқиғаға дейін жігіт қызға үйлену туралы ұсыныс жасаған.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)