Финляндияда Рождество күні ескі шіркеу өртеніп кетті
Раутярви шіркеуі - екі мың адамға шақталған ағаш крест тәрізді шіркеу
Финляндияның Раутярви қаласында 18 ғасырда салынған ежелгі ағаш шіркеу Рождество күні өртеніп кетті. Өрттен ағаш ғибадатхана толығымен қирады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Korrespondent.net-ке сілтеме жасап.
Өрт шіркеуде Рождестволық қызмет болған кезде басталған. Бұл уақытта ғимаратта 40-қа жуық адам болған.
«Діни қызметкер микрофон арқылы залда өрт шыққанын хабарлаған. Келушілерді қосымша есіктерден шығуға бағыттаған. Жалын шарпыған ғимаратың терезелері дірілдеп, фойеде өрттің қарқыны күшейді», - деді құлшылық етушілер.
Полиция тарихи шіркеу әдейі өртенді деп күдіктеніп отыр. Көшпелі тексеру барысында полиция қылмыс белгілерін анықтаған.
Кейін төтенше жағдай орнының жанында Торсантиеде орналасқан тұрғын үй өртеніп, бір мәйіт табылды. Полиция оқиғалардың бір-бірімен байланыстылығын анықтап жатыр.