Алматыда фитнес-клубтарда ұрлық жасап жүрген ер адам видеоға түсіп қалған
Күдікті қамауға алынды
Алматыда фитнес-клубтарда ұрлық жасап жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыда басқа өңірден келген 32 жастағы Ю. есімді азамат жалдамалы пәтерде тұрып, тұрғылықты жерін үнемі ауыстырып жүрген.
«Ол тек фитнес-клубтарда ұрлық жасап жүрген. Жаттығу залдарына клиенттің атын жамылып келіп, жалған жеке деректер бойынша бір реттік жаттығуға жазылып, жаттығу залында жарты сағаттан артық болмай, кейін киім ауыстыратын бөлмеге қарай кеткен. Ол жерде келушілердің жеке заттарынан сөренің кілтін тауып алып, оларды ашып, өзімен бірге бөтеннің ақшасын, телефондары мен зергерлік бұйымдарын алып кеткен. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде қаскөйдің осыған ұқсас 10 ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды. Біз басқа да ықтимал эпизодтарды жоққа шығармаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады», – дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Сонымен қатар ол Ю. есімді азаматтың бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын айтты.