$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада шекара арқылы зергерлік бұйымдарды заңсыз тасымалдаған тұрғын сотталды

Одан 7 мыңнан астам зергерлік бұйым мемлекет кірісіне тәркіленді

Астанада шекара арқылы зергерлік бұйымдарды заңсыз тасымалдаған тұрғын сотталды

Қаржы мониторингі агентоігінің Астана қаласы бойынша департаменті экономикалық контрабанда фактісі яғни, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы аса ірі мөлшерде тауарларды өткізу бойынша Нұржан Сураповқа қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ол Астана халықаралық әуежайында Стамбул –Астана авиарейсімен алтын әшекейлерді тасымалдау барысында ұсталды. Декларацияланбаған зергерлік бұйымдар мен сағаттардың жалпы кедендік құны 565 млн теңгені немесе 1 млн 200 мың АҚШ долларына жуық соманы құрады», - делінген ведомство хабарламасында.

Сот шешімімен Нұржан Сураповқа шартты түрде 1,5 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалып, 565 млн теңге сомасына, жалпы салмағы 28 кг болатын, 7 мыңнан астам зергерлік бұйым мемлекет кірісіне тәркіленді.

 

Серіктес жаңалықтары