09.12.2022, 12:36
Оқиғалар
Астанада жас жігіт 25-қабаттан құлап көз жұмды
Қайғылы оқиға 8 желтоқсанда болған
Фото: ашық дереккөзден
Астанада жас жігіт 25-қабаттан құлап көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 8 желтоқсанда болған.
«Сағат 10:53-те «102» арнасына Петров көшесінен жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Тексеру барысында аталған дерек расталды. Полиция қызметкерлері жігіттің жеке басын анықтады. 25-қабаттан құлаған елордалық 19 жастағы тұрғын болып шықты», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді