$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавлда көлік өртеніп, ер адамды күйік шалды

Қазір ол ауруханада жатыр

Петропавлда көлік өртеніп, ер адамды күйік шалды

Петропавлда өндірістік кооперативтің боксында тұрған жеңіл көлікте өрт шығып, ер адамды күйік шалды. Қазір ол ауруханада жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше кешке «101» телефон нөміріне өрт жайында хабарлама түскен. Хабарласқан адам Петропавлдағы Рыжов, 134 мекенжайында орналасқан өндірістік кооператив боксында тұрған Ауди-80 маркалы жеңіл көліктің жанып жатқанын айтқан.

Мамандар келген кезде нысанда тұрған көлік жалындап жанып жатқан. Өрт салдарынан 62 жастағы ер адам 1-2 дәрежелі күйік жарақатын алды. Зардап шегушінің қолы, бетінің 5 % күйген. Ол жедел жәрдем қызметімен Петропавлдағы 3-қалалық ауруханаға, жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жеткізіліп, жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша жағдайы орташа.

Оқиға орнында Петропавлдағы өрт бөлімшелерінің 7 арнайы техникасы, жеке құрамнан 20 адам жұмыс істеді. Жеңіл көлік толықтай жанып кетті. Ал нысанды мамандар сақтап қала алды.

Мамандардың айтуынша, өрттің шығуына машинаның қозғалтқыш бөлігінде болған қысқа тұйықталу себеп болған. Шығын мөлшері анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары