$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда көлік мұз астына түсіп кетті

Көліктің салонында ешкім болмаған

Атырауда көлік мұз астына түсіп кетті

Атырауда көлік мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Мой город» порталына сілтеме жасап.

«Тойота Хайлюкс» көлігінің Жайық өзенінде қатқан мұз астына түсіп кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 7 желтоқсанда болған. Оқиға орнына шақырту сағат 13:10-де түскен.

Атырау қаласына таяу орналасқан Дамба ауылдық округіне қарасты Пешной учаскесі тұсында Жайық өзенінде мұз ойылып, автокөлік түсіп кеткені анықталған. Көлік өзен жағасынан 15 метр қашықтықтан табылған.

«Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері сүйменмен мұзды ойып, автокөліктің артқы дөңгелегіне арқан байлап, жағаға шығарды. Мұз астындағы көлікті шығару жұмыстарына жедел құтқару жасағының 6 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Көліктің салонында ешкім болмаған.

Серіктес жаңалықтары