$ 511.59  575.28  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавлда үйінде арақ-шарап жасап сатқан тұрғын ұсталды

61 жастағы  тұрғыннан акцизденбеген 4 мың қорап темекі мен 1735 литр арақ-шарап тәркіленді

Петропавлда үйінде арақ-шарап жасап сатқан тұрғын ұсталды

Петропавлда үйінде арақ-шарап жасап сатқан қала тұрғыны ұсталды. Жұмысшы кентіндегі жасырын қоймадан 1,7 мың литрден аса контрафакті алкогольдік ішімдік тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел ақпаратты тексеру барысында Петропавлдың Жұмысшы кентінде контрафактілік өнімнің тағы бір қоймасын анықтады.

61 жастағы жергілікті тұрғынның қора-қопсысынан әр түрлі маркалы акцизденбеген 4 мың қорап темекімен бірге 1735 литр арақ пен коньяк, одан бөлек осы ішімдіктерді жасырын жасайтын спирт тәркіледі.

«Заңсыз өнім экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп жүргізген жұмысы нәтижесінде тәркіленді. Қазіргі уақытта тәркіленген өнімнің қайдан алынғаны және өткізу жолдары анықталуда. Сапасына ешкім кепілдік бермейтін заңсыз спирт өнімін пайдалану денсаулыққа қауіпті екенін ескертеміз. Бұдан бөлек, спирттік ішімдіктер ауыр қылмыстардың жасалуына себеп болады. Заңсыз алкогольді тәркілеудің әр фактісі – оның таралуына қойылған тосқауыл», - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров.

Алынған өнімнің үлгілері сараптамаға жіберілді. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы бойынша материал жиналды.

«Ішімдіктің салдарынан болатын қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы іс-қимыл – полицейлердің профилактикалық жұмыс жүргізудегі маңызды бағыттарының бірі. Полицияның қызметі алкогольге қарсы заңбұзушылықтарды анықтауға бағдарланған» - деді Руслан Назаров.

Серіктес жаңалықтары