10.11.2022, 15:42
Оқиғалар
Жетісу облысында үш ай бойы іздеуде болған қыз табылды
Қыз көршілес Алматы облысы аудандарының бірінен табылды
Фото: ашық дереккөзден
Жетісу полициясы 3 ай бойы іздеуде жүрген қызды тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тамыз айының басында Ескелді ауданының полиция бөліміне үйден шығып кеткен 22 жастағы қызын іздеуге көмек сұраған Бақтыбай ауылының тұрғыны жүгінді. Жақында көші-қон қызметінің қызметкерлері іздеушілермен бірлесіп, қыздың жүрген жерін анықтай алды.
Қыз көршілес Алматы облысы аудандарының бірінен табылды. Қазір оның неліктен үйінен кетіп, ата-анасымен хабарласпағаны анықталып жатыр.
«Қыз бала ата-анасымен қауышты. Қазір үйінде», – деп хабарлады Ескелді ауданының полиция бөлімі.
Қызымен қайта қауышқан бақытты ана тәртіп сақшыларына өзінің алғысын білдірді.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті