$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Риддердегі жылу электр орталығында апат болды

Аталған жағдайға байланысты № 6 қазандықтың тоқтатылды

Риддердегі жылу электр орталығында апат болды
Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы жылу электр орталығында ақау шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Риддерде қазір ЖЭО-да 3 қазандық жұмыс істеп тұр.

Аталған жағдайға байланысты № 6 қазандықтың тоқтатылды. Оны жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Құрметті тұрғындар, түнде 6 қазандық жұмыс істеп тұрды. Қызмет көрсету 65 градусқа жетті. Бірақ сағат 01:00-де болған штаттан тыс жағдайға байланысты ол тоқтатылды. Қазіргі уақытта 3 орташа қысымды қазандық жұмыс істейді. Температура 56/43. Қазір 6 қазандыққа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аяқтағаннан кейін ол іске қосылады. Шыдамдылық танытып, түсіністікпен қарауыңызды сұраймын», - деп мәлімдеді Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой.

Айта кету керек, 5 қарашада сағат 20.00-де аталған орталықтағы күл шығару жүйесіндегі сорғы істен шығып, №1 қазандықтың қосалқы жабдығы апатты жағдайда ажыратылған. Соның салдарынан 22 мыңнан астам абонент үшін жылу беру азайтылған.

Серіктес жаңалықтары