$ 511.59  575.28  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.11.2022, 15:22
Оқиғалар

9 млн теңге пара алған: «Астана-Зеленстрой» басшысына қатысты тергеу аяқталды

Оның кінәсі туралы қорытынды шешімді сот қабылдайды

9 млн теңге пара алған: «Астана-Зеленстрой» басшысына қатысты тергеу аяқталды
Фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директоры А. Наурызәліге қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«А. Наурызәлі осы жылдың 2 қыркүйегінде «Табиғат НС Сервис» ЖШС директоры С. Карловадан Астана қаласының Алматы және Есіл аудандарын көгалдандыру бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 млн теңге сомасында ақшалай қаражат алды деп күдіктеледі», - делінген агенттік хабарламасында.

Наурызәліге тағылған айыптар арнаулы жедел іздестіру іс-шарасы, жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен, куәгерлердің айғақтарымен және т. б. расталады.

«А. Наурызәлі ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде кінәсін толық мойындауына байланысты қамауға алынған жоқ», - делінген хабарамада.

Оның кінәсі туралы қорытынды шешімді сот қабылдайды.

Серіктес жаңалықтары