$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда соқтығысқан екі автобустың біреуінің техникалық ақауы болмаған - «Алматыэлектрокөлік» ЖШС

Оқиға 8 қарашада Абылай хан даңғылы мен Төле би көшесі қиылысында болды

Алматыда соқтығысқан екі автобустың біреуінің техникалық ақауы болмаған - «Алматыэлектрокөлік» ЖШС
Фото: ztb.kz

«Алматыэлектркөлік» ЖШС №201 автобус тежегішінің істен шыққандығы туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Компанияның мәліметінше, қоғамдық көліктер биыл мамыр айында сатып алынған.

"2022 жылдың 23 қыркүйегінде №201 маршруттың автобустарының саны арттырылып, жаңартылды. ЛиАЗ маркалы 18 автобустың орнына 2022 жылы құрастырылған Golden Dragon маркалы 24 автобус жолға шығарылды. 

Автобустар ауыстырылғаннан кейін жүріс интервалы 12 минуттан 6-7 минутқа дейін қысқарды. Аталған автобустар биыл мамыр айында сатып алынды, қазіргі кезде шығарушы зауыттың кепілдемесінде, техникалық ақаулары жоқ, техникалық түйіндері мен агрегаттары, сондай-ақ тежегіштері ақаусыз жұмыс атқарып тұр",-деп мәлімдеді «Алматыэлектрокөлік» ЖШС .

Айта кетейік, соқтығысқан №201 және № 98 автобустар. Жол-көлік оқиғасынан бір адам қайтыс болып, 17 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.  

Әзірге № 98 қоғамдық көліктің техникалық жағдайына қатысты мәлімет жоқ.

Серіктес жаңалықтары