Қостанай облысына зымыран қалдығы құлады

Жангелді ауданының әкімдігі бұл ақпаратты растады

Фотолар: alau.kz

Қостанай облысының Ақкөл ауылына жақын маңда зымыран қалдықтары құлады. Құлаған зымыран бөліктерінің фотоcы әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Белгілі болғандай, 7 ақпан күні Байқоңырдан «OneWeb» ғарыш аппараты ұшырылған. Ұшу трассасы Қостанай облысы аумағынан өткен және зымыран қалдықтары сол маңға құлаған. Қостанай облысы Жангелді ауданы әкімдігінің өкілдері қалдықтар үш күннің ішінде жиналғанын мәлімдеді.

«OneWeb халықаралық бағдарламасын орындау миссиясы болған. Қалдықта ешқандай зиянды зат жоқ және жанармай төгілмеген. Жауапты органдар қалдықтарды 9-10 ақпан күндері жинап алып, утилизацияға жіберді», - деді Жангелді ауданы әкімінің орынбасары Дінмұханбет Бидашев.

Жергілікті әкімдіктегілердің айтуынша, бұл жағдайдан тұрғындардың ешқайсы зардап шекпеген. Қалдық құлардың алдында оның болжамды түсетін орны мен уақыты жайлы халыққа ескертілген.

Загрузка новостей...
Сұхбат
Нұр-Сұлтандық полиглоттың тіл үйретудегі құпиясы
«Сергек» қожайыны жоба туралы бар шындықты айтты
Қазақстан ЖОО-ларында 17 мыңға жуық Өзбекстан азаматы білім алып жүр