Түркістанда такси жүргізушісінің көлігін тартып алғандар ұсталды

Күдіктінің бірі қамауға алынды

фото: Түркістан облысы ПД

Бүгін таңғы сағат 07:15 шамасында түркістандық 2 азамат такси жүргізушісінің көлігін тартып алған. Жәбірлеушінің айтуынша, 2 азамат телефон арқылы такси керек деп шақырған. Сосын тапсырысты қабыл алып, шақырған орынға автокөлігімен барған. Көлікке отырған 2 жолаушының бірі мас күйде болған. Ол жүргізушіге тиісіп, қалтасынан шанышқы шығарып, бетін жарақаттаған. Екеуіне шамасы жетпейтінін білген жүргізуші оқиға орнынан көлігін тастап қашуға мәжбүр болған. Иесіз қалған көлікті такси шақырғандар ары қарай мініп кеткен.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі енгізіліп, Қылмыстық кодекстің 200-бабы «автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша тіркелді.

Жүргізушінің шағымы бойынша оқиға орнына қалалық полицейлер жетіп, жедел іздестіруге кіріскен. Куәгерлерден сұрастырып, сол аумақты мұқият қарап шыққан. Арада 30 өткенде жәбірленушінің көлігі жол бойынан табылып, артынан күдіктілер де ұсталған.  

«Тергеу барысында анықталғандай, күдіктілердің екеуі де жергілікті тұрғындар болып шықты. Күдіктінің бірі қамауға алынды, ал екіншісі қолхат жазып берді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысы полицейлері азаматтарға қашанда сақ болып жүріңіздер деп кеңес береді.

«Осындай жайттың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, жылдам полицияға хабарлаңыз. Бұл өз кезегінде қылмысты «ізін суытпай» ашуға мүмкіндік береді», - деп ескертеді Түркістан облысының полиция департаменті.

Арай Есенбек, Түркістан облысы

Загрузка новостей...
Сұхбат
Нұр-Сұлтандық полиглоттың тіл үйретудегі құпиясы
«Сергек» қожайыны жоба туралы бар шындықты айтты
Қазақстан ЖОО-ларында 17 мыңға жуық Өзбекстан азаматы білім алып жүр