ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Шымкентте жолаушы такси жүргізушісін тұншықтырып өлтірмек болған

Полиция күдіктіні қамауға алды

Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте 31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні жолаушы такси жүргізушісін тұншықтырып өлтірмек болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Автокөлік иесінің айтуынша, ер адам оның мойнына қауіпсіздік белдігін салып, тұншықтыра бастаған. Сонымен қатар пышақпен қорқытып, бағалы бұйымдар мен ақшасын беруді талап еткен. Дегенмен, жүргізушіде ешқандай бағалы заттың жоқ екенін білген жолаушы қашып кеткен.

«Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ер адамды тапты. Күдікті бұрын сотталған СҚО тұрғыны болып шықты», - дейді полиция өкілдері.

Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 192 бабы 1 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, заттық дәлелдер табылып, арнайы сараптама тағайындалған.

Тегтер: