07.02.2020, 09:09
Оқиғалар
Коронавирус туралы алғаш болып ескерткен дәрігер қайтыс болды
Оны алғашында жалған ақпарат таратты деп айыптаған еді
Фото: ашық дереккөзден
Ухань қаласында алғашқылардың бірі болып коронавирус туралы ескерткен дәрігер қайтыс болды, - деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі Global Times - қа сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, Ли Вэньлянның коронавирус жұқтырғаны 1 ақпанда расталып, 6 ақпанда Ухань қаласында қайтыс болған.
Уханның Орталық ауруханасының дәрігері былтыр 30 желтоқсанда әріптестеріне теңіз өнімдері сатылатын «Хуанан» базарында жеті бірдей оқиға тіркелгенін айтқан. Тек ол кезде жаңа коронавирус басқа штам түріне жататынын білмеген. Дәрігердің бұл жазбасы әлеуметтік желілерде тарап кеткен.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді