Қарағандыда түрме қызметкерін ұрған сотталушының қамаудағы мерзімі ұзартылды
Оқиға болғанға дейін ер адамның бостандыққа шығуына бір жыл қалған
Қарағанды облысында колониялардың бірінде қызметкерді соққыға жыққаны үшін сотталушыға тағы төрт жыл мерзім қосылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
8 шілдеде мекеме қызметкерінің денсаулығына зақым келтіргені үшін 32 жастағы сотталушыға қатысты сот отырысы өтті.
Анықталғандай, оқиға 2021 жылдың қарашасында Қарағанды облысындағы АК-159/25 түзеу мекемесінде болған. Сотталушы тәртіптік изолятор камераларының бірінде мекеме қызметкеріне жұдырық жұмсаған, соның салдарынан қызметкердің денесінде гематома пайда болған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа жолданды. Сот үкімімен мекеме қызметкеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде дене жарақатын келтіргені үшін сотталушы төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
Оқиға болғанға дейін ер адамның бостандыққа шығуына бір жыл қалған, өтелмеген бөлігін қосқанда, сотталушы төтенше жағдайдағы күзет мекемесінде тағы бес жыл отырады.