Алматы облысында 10 жастағы баланы «КамАЗ» қағып өлтірді
Қайғылы оқиға Іле ауданына қарасты Жетіген ауылында болған
Алматы облысында 10 жастағы баланы «КамАЗ» көлігі қағып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін, 13 шілдеде сағат 10.00 шамасында Іле ауданына қарасты Жетіген ауылында болған.
«Жол-көлік апаты Виноградная - Южная көшелерінің қиылысында болған. 10 жасар бала велосипед теуіп келе жатып, көше қиылысына жеткенде қоқыс жинап жүрген ауыр жүк көлігінің астына кіріп кеткен. Жеткіншек оқиға орнында көз жұмды. «КамАЗ» көлігін 62 жастағы ер адамның басқарғаны анықталды», - деді ПД өкілдері.
Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бабымен қылмыстық іс қозғалып, жүк көлігі тәркіленген және тиісті сараптама жүргізу үшін арнайы тұраққа орналастырылған.