Баласын құтқармақ болды: СҚО-да бір үйдің екі адамы суға батып кетті
Алты жастағы ұлын құтқармақ болған әке де суға кетті
Солтүстік Қазақстан облысында бір үйден екі адам суға кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Әкелі-балалы туыстар отбасымен Есіл өзеніне демалуға барғанда, алты жастағы ұлы суға батқан. Оны құтқармақ болған әкесі де судан шыға алмай қалған.
Оқыс жағдай Новоникольский ауылынан 3 шақырым жерде болған. Куәгерлер қайғылы оқиға көзді ашып-жұмғанша тез болғанын айтады. 24 жастағы азамат суға кетіп бара жатқан баласын құтқарамын деп суға секірген. Бірақ екеуі де де қайтып шыға алмай қалған.
Осы сәтте жағадағы демалушылар да көмекке ұмтылыпты. Олар тек судан әкесінің денесін алып шықты. Ал баланы бір тәулік бойы іздеп, сүңгуірлердің көмегімен тапқан.
«Есіл өзені, Пестрое, Соленое, Лебяжье, үлкен Таранғұл және Шалқар мен Имантау көлдері аса қауіпті аумақтар болып тұр. Осы көлдерде жаппай демалатын орындарда 58 жерде ғана суға түсуге рұқсат етілген. Оған облыстық әкімдіктің арнайы қаулысы бар. Алдағы апта қатты ыстық болады деген болжам бар. Демалушыларды суда абай болуға шақырамыз!», - деді СҚО ТЖД аға офицері Қуат Махметов.