$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.05.2022, 15:44
Оқиғалар

Мұрат Бектановты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Бұрынғы Қорғаныс министрі 19 ақпанда ұсталған болатын

Мұрат Бектановты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды
Фото: akorda.kz

Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты тұтқында ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Мұрат Бектановты 20 маусымға дейін қамауда ұстау мерзімін ұзартты. Тұтқында ұстау мерзімін ұзарту туралы шешім 13 мамырда қабылданған болатын», - деді Алматы қалалық соты баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Орынбасаров.

Тақырыпқа орай: Бұрынғы Қорғаныс министрі 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Еске салсақ, осы жылдың 19 ақпанында ҚР Бас прокуратурасы бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша ұсталып, қамауға алынған болатын. Кейінірек оны қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды. 

 
Серіктес жаңалықтары