$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.05.2022, 15:29
Оқиғалар

Елордада 55 мың доллар жалған ақша айналымға шығарылған

Кінәлі азаматтар шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Елордада 55 мың доллар жалған ақша айналымға шығарылған
Фото: elements.envato.com

Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті 54 850 АҚШ доллары көлемінде жалған ақша ұстаған және сатқан бір топ адамға қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдегендей, жасанды банкноттар елорданың валюта айырбастау пункттері арқылы, банкоматтар арқылы жеке шоттарды толтыру, сондай-ақ OLIMPBET букмекерлік кеңсесіндегі жеке шоттарға салу арқылы айналымға тартылған.

«Сот үкімімен азаматтар А.А.Жомарт, И.Х.Чекиев, Р.А.Иманбаев, Төлеутай Б.Е. шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды абай болуға және бейтаныс адамдардан шетел валютасын сатып алмауға шақырады! «Жалған ақша белгілері анықталған жағдайда дереу сенім телефонына хабарлаңыз», - делінген агенттік хабарламасында.

Жасанды банкноттарды анықтау қылмыс санлмаса да, жалған ақша белгілерін сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары