ШҚО тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

Azattyq Rýhy

47 жастағы ер адамға қатысты тергеу жұмыстары басталды

ШҚО полицейлері тұрғыннан қару-жарақ арсеналын тәркіледі, деп хабарлайды Semeynews.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері аймақтық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, Өскемен қаласындағы гараждардың бірінде қоймаға жасырылған қару-жарақ арсеналын тапты.

Тінту кезінде 7,62 мм калибрлі ТТ жауынгерлік тапанша табылды. Дәл сол тапаншада қосымша 9 мм-ден атуға арналған қолдан жасалған ауыстырылатын ұңғы болды. ИЖ-18 кесілген шолақ мылтық, әртүрлі оның ішінде тиісінше 5.45, 7.62 және 9 мм калибрлі 450-ден астам мөлшерде оқ-дәрілер тәркіленді.

Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген барлық қарулардың жағдайы жақсы және атуға толық жарамды.

Осы факті бойынша 47 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейтін сотқа дейінгі тергеу басталды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.