$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.03.2022, 16:14
Оқиғалар

Павлодарда полициядан қашқан жүргізуші дуалға соғылды

Сот шешімімен ер адам 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Павлодарда полициядан қашқан жүргізуші дуалға соғылды
Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда полициядан қашқан жүргізуші дуалға соғылды. Сот шешімімен ер адам 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Сондай-ақ 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 30 АЕК айыппұл салынды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, шамдары сөніп бара жатқан көлікті полицейлер кешкі уақытта Катаев көшесінде байқаған. Құқық қорғау органдары жүргізушіні тоқтатқан. Бірақ ер адам полиция қызметкерлерін елемей, аулаларда жасырынуға тырысып, дуалға соғылған.

"Жүргізуші ұсталды, 58 жастағы павлодарлық болып шықты. Ол мас күйінде көлік айдаған. Медициналық куәландыру алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесін анықтады. Құқық бұзушылық үшін ер адам ҚР ӘҚБК 608-бабының 3-бөлігі және ҚР ӘҚБК 613-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шәріпов.

Тағы бір жүргізуші Академик Сәтбаев пен М. Горький көшелерінің қиылысында полициядан жасырынуға тырысқан. ВАЗ 2114 көлігінің қозғалысы күдік тудырған соң, тәртіп сақшылары автокөлік иесінен көлікті тоқтатуды талап еткен. Толстой - Абай көшелерінің қиылысында тәртіп сақшылары павлодарлық автокөліктің жолын жауып тастады.

Медициналық куәландырудан кейін құқық қорғау органдары екі бап бойынша – «мас күйінде көлік жүргізгені және полиция қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны» үшін әкімшілік хаттама толтырды. Көлік иесі жолаушылар орындығында отырғаны белгілі болды. Ер адам ҚР ӘҚБК 608-бабының 1-бөлігі бойынша көлікті мас досына бергені үшін жазаланады.

Серіктес жаңалықтары