$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.01.2020, 21:52
Оқиғалар

Ішімдік ішіп көлік жүргізген 3 адам түрмеге қамалуы мүмкін

Алматы облысында екі күнде ішімдік ішіп рөлге отырған 8 жүргізуші қолға түсті

Ішімдік ішіп көлік жүргізген 3 адам түрмеге қамалуы мүмкін

Алматы облысының аумағында екі күнде ішімдік ішіп көлік жүргізген 8 жүргізуші қолға түскен. Оның ішіндегі 3 жүргізуші бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы дерек Талдықорған қаласында тіркелген. 14 қаңтар күні  полицейлер «Хюндай Акцент»  автокөлігін мас күйінде басқарған 37 жастағы ер адамды ұстады. Оның бұған дейін ішімдік ішіп, көлік басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

«Талдықорған  қаласының Әкімшілік соты 2019 жылғы желтоқсанда оны үш жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырған. Бұл заңбұзушылық екінші рет қайталанып отыр. Қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, биыл жаза қатаңдатылды. Яғни, қылмыстық өндіріс ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша қозғалды (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы). Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, ал ұсталған азамат қалалық полицияның уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Іс материалдары жақын арада сот органдарының қарауына жолданады»  - деді Талдықорған ҚПБ аға анықтаушысы Дидар Сейітжан.

Ұсталған жүргізуші өзінің қателігін мойындап, соттан және құқық қорғау органдарынан жазаны жеңілдетуді сұрады.

«Заң талаптарын білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын білемін. Алайда, сіздердің түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Мен өз кінәмді түсіндім және сол үшін өкінемін. Бұл оқиға қайталанбайды деп сендіремін», - дейді жүргізуші өз сөзінде.

 

Әмірболат Құсайын, Алматы қаласы

Серіктес жаңалықтары