$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.01.2020, 14:50
Оқиғалар

БҚО-да кәсіпкерді отбасымен бірге өлтіріп кетті

Қаскөйлер қылмысын жасыру үшін үйді де өртемек болған

БҚО-да кәсіпкерді отбасымен бірге өлтіріп кетті

Батыс Қазақстан облысының Янайкин ауылында жергілікті кәсіпкердің отбасы қаза тапты, деп хабарлайды uralskweek.kz.

Өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйдің ішінен пышақ жарақаты бар үш адамның мәйітін тапты. Қаскөйлер Запрометовтер отбасын өлтіріп, өртеп жібермек болған.

Үш кісінің өлімі 15 қаңтарға қараған түні белгілі болды. Өрт сөндірушілер 22:40-та ауылдың шетінде Запрометовтер отбасы тұратын үйден шыққан өртті сөндіруге келген. Үйдің төбесі өртенген. Өрт сөндіру кезінде үш мәйіт табылды. 

Қайғылы оқиғадан 66 жастағы Александр Запрометов, оның жұбайы Валентина және олардың 42 жасар ұлы көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиға орнында полицейлер жұмыс істеуде.

Александр Запрометов бұрын «Янайкино» совхозының директоры болған. Совхоз тарағаннан кейін мал шаруашылығымен және жеке кәсіпкерлікпен айналысқан.

Серіктес жаңалықтары