Тобыл өңірінде 3 жастағы сәби менингит жұқтырды
Қазір бүлдіршін облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр
Тобыл өңірінде үш жастағы бүлдіршін менингит ауруын жұқтырды. Қазір ол облыстық балалар ауруханасында емделіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Астана» арнасына сілтеме жасай отырып.
Жұқпалы індет жұқтырған сәби Лисаков қаласынан жеткізілген.
Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті дереу індеттің қайдан шыққанын анықтауға кіріскен. Бөбекжай, баланың ата-анасы мен жақын туыстары, тұратын мекені түгел тексеріліпті. Алайда,жұқпалы ауру тасымалдаушылар анықталмаған көрінеді.
Мамандар мұндай жағдайдың аймақта соңғы рет 6 жыл бұрын тіркелгенін айтады.
«Қазіргі уақытта бала емделуде, жағдайы қанағаттанарлық, денсаулығында оң өзгеріс байқалады. Онымен байланысқан науқастардың бойынан менингкокцемия тасымалдаушылары анықталған жоқ», – деді Қостанай облысы Тауарлар мен қызметтер сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Мадина СӘКЕНОВА.