12.02.2022, 16:02
Оқиғалар
Жансақтау бөлімінде жатыр: Ақтөбеде жүргізуші 1-сынып оқушысын қағып кетті
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Ақтөбеде жүргізуші бірінші сынып оқушысын қағып кетті, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға ақпан айының басында болған.
«Lada-21901 автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі Бауырластар-2 тұрғын үй массивімен жүріп келе жатып, жолдың жүру бөлігінен өтіп бара жатқан 1-сынып оқушысын қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2014 жылы туған жаяу жүргінші облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды», - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
