11.02.2022, 12:39
Оқиғалар
Атырауда кафелердің бірінде жанжал туып, ер адам пышақ жарақатын алды
Күдікті ұсталып, тергеу амалдары басталды
Фото: ашық дереккөзден
Атырауда кафе ішіндегі жанжал пышақ жарақатымен аяқталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
4 ақпан күні сағат 01:30 шамасында Баймұханов көшесінде орналасқан кафелердің бірінің ішінінде 37 және 41 жастағы екі қала тұрғыны өзара келіспей, төбелесіп қалады.
41 жастағы ер адам 37 жастағы азаматтың ішінен және кеудесінен үшкір затпен жарақат салған. Оқиға салдарынан ер адам облыстық ауруханаға жеткізілді.
№2 қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері 41 жастағы күдіктіні ұстап, одан қалта пышағы тәркіледі.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабымен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
