$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.02.2022, 11:15
Оқиғалар

Түркістанда ер адам қарызға 75 млн теңге алып, құмар ойынға салып жіберген

Ол қарыз алған соң жоғалып кеткен

Түркістанда ер адам қарызға 75 млн теңге алып, құмар ойынға салып жіберген

Түркістан полицейлері 75 миллион теңгеге қарыз болып, жоғалып кеткен жігітті тапты, деп хабарлайды облыстық ПД.

Төлеби АПБ-ға Ленгер қаласының тұрғыны арызданды. Оның айтуынша жасы 30-ға жуықтаған ұлы үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған. Сондай-ақ анасының өз баласын іздеп жүргеніне 4 тәулік болған. Алайда іздеу жұмыстарынан нәтиже шықпаған соң, полицейлерге хабарласқан.

Төлеби АПБ қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жоғалған ер азаматты табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізді. Қала көшелерін тексеріп, фотосуретін көрсету арқылы тұрғындар арасында сұрастыру жұмыстарын жасады. Республика көлемінде тәртіп сақшыларына бағыттамалар жолданып, жоғалған жігіттің айрықша белгілері хабарланды. Жақындары мен туыстары, таныстары мен баруы мүмкін жерлер мұқият тексерілді.

Іздеу жұмыстарына Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция, жедел уәкілдер мен патрульдік полицейлер жұмылдырылды. Осылайша іздеу жұмыстарына бір апта уақыт жұмсалды. Нәтижесінде Түркістан полицейлері жоғалған жігітті Алматы қаласында жүрген жерінен тапты.

Белгілі болғандай азамат, өзінің таныстарынан 75 миллион теңге қарызға ақша алып, оны құмар ойынға жұмсап жіберген. Ол өз сөзінде қарызға алған ақшаларын қайтара алмағандықтан, Алматы қаласына қашып кетуге мәжбүр болғанын жеткізді.

Қазіргі таңда жоғалып кеткен орта жастағы азамат аман есен жақындарына қайтарылды. Ұлымен қауышқан анасы, баласын іздестіруде кәсібиліктерін көрсетіп, тауып берген полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

«Баламның із-түзсіз жоғалып кеткеніне бірнеше күн болды. Өзіміз іздедік. Бірақ таба алмадық. Содан соң полицейлерге хабарластық. Ал полицейлер баламды дер кезінде тауып берді. Полиция қызметкерлеріне үлкен рақметімді айтамын!» - деп көзіне жас алды.

Серіктес жаңалықтары