Қызылордада тұрмыстық зорлық-зомбылық деректері азаймай тұр

Azattyq Rýhy

Жалағаш ауданында 8 сынып оқушысына әкесінің ағасы зорлық көрсеткен

Қызылордада тұрмыстық зорлық-зомбылық деректері азаймай тұр

Облысқа қарасты Жалағаш ауданында 8-сынып оқушысына әкесінің ағасы зорлық көрсеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл сорақылық 4 жыл бойы жалғасқан деген ақпарат әлеуметтік желіге тараған еді. Полиция әзірге бұл жайтты растаған жоқ. Бірақ мән-жайды анықтау жұмысы басталып, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейтіні айтылды.

Өңірде отбасылар есебі қайта нақтыланып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы профилактикалық шаралар тәртібі күшейтілді. Арнайы құрылған жұмыс тобы рейдке шығып, жәбірленген әйелдер мен балаларды дағдарыс орталығына орналастырып жатыр. Отбасының берекесін қашырып, жұбайы мен бала-шағасына қол жұмсаған тұрғындарға қатысты әкімшілік іс қозғалады.

«ҚР Әкімшілік қылмыстық кодексінің 73, 127, 440, 461-баптары бойынша құқықбұзушылықтар анықталып, хаттама толтырылып, құжаттар жинақталып, қазіргі таңда сотқа жолдануда», - деді әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкері Айгерім Ерболат.

 

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.