$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.02.2022, 00:43
Оқиғалар

Ақмола облысында кәсіпкер 1895 жылғы қарумен адам өлтірмек болған

58 жастағы жеке кәсіпкер елордалық тұрғынға оқ атып, қашып кеткен

 

Ақмола облысында кәсіпкер 1895 жылғы қарумен адам өлтірмек болған

Ақмола облысының полицейлері адам өлтіруге оқталған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 29 қаңтарда Сандықтау ауданының ПБ кезекші бөліміне аудандық ауруханасының фельдшерінің Нұр-Сұлтан қаласының 55 жастағы тұрғынының оқпен жараланғаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен.

Хабарламаны алған полицейлер дереу оқиғаның барлық мән-жайы мен ықтимал куәгерлерін, күдіктіні анықтауға кіріседі.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол бұрын сотталмаған 58 жастағы жеке кәсіпкер, ауданның ауылдарының бірінің тұрғыны болып шықты, одан 1895 жылғы үлгідегі «Наган» жүйесінің револьвері және оның патрондары тәркіленді», - делінген ПД хабарламасында.

Жанжал алкогольдік ішімдіктерді ішу кезінде туындаған.

Аталған факт бойынша Сандықтау ауданының ПБ тергеу бөлімімен ҚК 24-бабы 3-бөлігі-99-бабы 1-бөлігі «адам өлтіруге оқталу», ҚК 287-бабы 3-бөлігі «қаруды заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары