03.02.2022, 22:56
Оқиғалар
Алматыдағы сауда үйін тонауға қатысқан күдікті БҚО-да қолға түсті
Аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезіндегі тонауға қатысы бар күдікті Батыс Қазақстан облысында ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оның көлігін тінту кезінде полицейлер 23 ұялы телефонды тапты.
Ресейлік есепте тұрған ВАЗ-2110 автокөлігі рейд кезінде тоқтатылды. Полицейлерде болған жедел ақпарат бойынша, 5 қаңтарда Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде осы көліктің жүргізушісі «Мәскеу» сауда үйін тонауға қатысқан. Ол 31 ұялы телефонды, 3 ноутбукты және 3 планшетті ашық түрде ұрлаған.
Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді