$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.02.2022, 00:57
Оқиғалар

Ақтөбеде жол жиегінде кетіп бара жатқан адамды көлік қағып өлтірді

Қатты соққы салдарынан 37 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды

 

Ақтөбеде жол жиегінде кетіп бара жатқан адамды көлік қағып өлтірді
Фото: regnum.ru

Ақтөбе облысында жол жиегіндегі кетіп бара жатқан ер адамды көлік қағып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 1 ақпанда сағат 00:35 шаасында болған.

«Volkswagen Sharan көлігінің 30 жастағы жүргізушісі Ақтөбеден Бестамақ ауылы бағытында Ақтөбе – Астрахань жолының бойымен келе жатқан. Ол тасжолдың 18-шақырымында қарсы жолаққа шығып кетіп, Бестамақ ауылынан Ақтөбе бағытымен жол жиегінде келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен», - делінген хабарламада.

Қатты соққы салдарынан 37 жастағы жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен «ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары