02.02.2022, 00:14
Оқиғалар
Қызылордада жолаушылар мінген автобус жүріп келе жатып өртеніп кетті
Автобус салонында болған 16 жолаушы көліктен өз бетінше шығып үлгерген
1 ақпанда Қызылорданың сол жағалауындағы көпір маңында №1 бағыттағы автобус түгелдей өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Zhong Tong Bus маркалы қоғамдық көлік «Қызылорда» ЖШС автобус паркіне тиесілі болған.
Жергілікті ТЖД мәліметінше, өрт түскі сағат 13-53-те оқшауланып, жойылды.
«Автобус салонында 16 жолаушы болған, олардың бәрі автобустан өз бетінше шығып үлгерген. Құрбандар мен зардап шеккендер болған жоқ», делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады