21.01.2022, 00:43
Оқиғалар
Жезқазған әкімдігінің жанында ер адамды көлік қағып өлтірді
Қайғылы оқиға 19 қаңтарда сағат 19.05-те болған
Фото: ашық дереккөзден
Жезқазған әкімдігінің жанында ер адамды көлік қағып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 19 қаңтарда сағат 19.05-те болған.
«Алашхан көшесімен келе жатқан Mitsubishi Delica көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Оқиға салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.
Полиция қызметкердерінің жедел іздеу шаралары нәтижесінде қашқын жүргізуші анықталып, қолға түсті. Ол Жезқазған қаласының 50 жастағы тұрғыны болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды, соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
06.11.2026, 08:22
Ауылдағы жанжал атысқа ұласты: Жамбыл облысында екі адам жараланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды