$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.01.2022, 01:58
Оқиғалар

Қазақстан мен Қырғызстан арасында қар барысын сатумен айналысатын қылмыстық топ болуы мүмкін

Қырғызстан аумағында небәрі 300-ге жуық қар барысы қалған

Қазақстан мен Қырғызстан арасында қар барысын заңсыз сатумен айналысатын қылмыстық топ болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Тіпті олар әбден қалыптасқан бағыты бойынша жыртқыштардың терісі мен басын тасымалдап жүрген. Бұл туралы дүниежүзілік табиғат қоры орталығының Азия бағдарламасы баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше Қырғызстан шекарашылары Шу аумағында дорба арқалап, Қазақстан шекарасына қарай бет алған ер адамды тоқтатқан. Тексеру барысында қапта қар барысының терісі мен бас сүйегі болғаны анықталды. Осыған қарамастан, аталған ұйымның сарапшысы Азат Аламанов браконьерлік кейінгі уақытта едәуір азайған деген пікірде. Дегенмен, ол қос ел арасында заңсыз ауланған аң терісі мен сүйегін өткізу бойынша сыбайласқан топ барына сенімді екенін атап өтті.

Ал табиғат жанашырларының сөзінше, Қырғызстан аумағында небәрі 300-ге жуық қар барысы қалған.

«Шекара маңында бұл іспен жаппай айналысатындар бар деген шындыққа келмейді. Керісінше, соңғы уақытта қар барысына қастандық жасайтындардың қарасы азайған. Бірақ нақты тапсырма берушілерге аңның терісі мен басы жеткізілетін жайттар бар. Мысалы, біреу «нақты осынша қаржы төлеймін, маған қар барысының терісі керек» десе, оның сұранысын орындайтындар, браконьерлер табылады», - деді Дүниежүзілік табиғат қоры ұжымының қазақстандағы басшысы Григорий Мазманянц.

 
Серіктес жаңалықтары