Петропавлда бөтелкелесін бөлшектеп өлтірген күдікті қамауға алынды
Жедел іздестіру шарасы барысында марқұммен бірге болған куәгердің де өлтірілгені анықталды
Петропавлда саяжайда бірге көңіл көтеріп, кейін бөтелкелесін бөлшектеп өлтірген күдікті қамауға алынды. Қанішер өздерімен бірге дастархандас болған куәгерді де бақиға аттандырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Петропавлдың Заречный кентінде бөлшектелген адамның мәйіт табылды. Сот медициналық сараптамасы оның адам қолынан қаза тапқанын дәлелдеді. Бірнеше ай бойы жатқан дене шіри бастаған. Сондықтан дактилоскопия жасау мүмкін болмады. Полицейлер арнайы өңдеуден өткізілген алақанының бір бөлігін суретке түсіріп «Папилон» автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық деректер базасы арқылы алынған бейнені тексерген. Осылайша марқұмның 1983 жылы туған үй-күйі жоқ азамат екендігі анықталды.
Жедел іздестіру шарасы барысында марқұммен бірге болған куәгердің де өлтірілгені анықталды. 1984 жылы туған күдікті ұсталып, қамауға алынды.
«Екі тәулік бойы полицейлер – жедел уәкілдер, учаскелік инспекторлар қылмыстың түйінін шешу үшін тапжылмай қызмет атқарды. Бұл жағдайда, криминалистердің кәсіби шеберлігі шешуші рөл атқарып, жедел уәкілдерге қылмысты ашуда септігін тигізді», - дейді СҚО ПД ЖКБ бастығы полиция полковнигі Игорь Семёнов.
Эльмира Мәмбетқызы, СҚО