«Қорғаста» ірі көлемде қымбат ішіктер мен темекі өнімдері тәркіленді
Бүгін «Қорғас» кеден бекетінде қытайдан ірі көлемде қымбат ішіктер мен темекі өнімдерін алып өткен болған «несундардың» жолы кесілді
Шекарашылар мен кеден қызметкерлерінің арқасында декларацияда көрсетілмеген 9390 қорап темекі мен 35 дана құндыз ішік тәркіленді, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Қазір аталған контрабандалық факті бойынша тауар иелерін жауапқа тарту және тауарлардың кедендік құнын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұдан бөлек кеденде қырағылық танытқан қызметкерлер ірі көлемде АҚШ долларын шекарадан жасырын алып өтпек болған азаматты да ұстады. Қазақстаннан ҚХР бара жатқан азамат «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының кеден бекетінен 18 мың АҚШ долларын жасырын түрде алып өтпек болған.
Қомақты соманы декларацияда көрсетпеген азамат ҚР ӘК 551 бабының 3 тармағы бойынша (Жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн және жазбаша декларациялауға жататын ақша қаражатын және ақша құралдарын декларацияламауы не анық емес декларациялауы) жауапкершілікке тартылмақ.
Әмірболат Құсайынұлы, Алматы