27.09.2019, 11:27
Оқиғалар
Оралда саяжай өртеніп, үш адам жанып кетті
Тілсіз жау үш адамның өмірін жалмады, олардың біреуі бала
Фото: inbusiness.kz
Орал қаласындағы саяжайлардың бірінде өрт шықты. Тілсіз жау үш адамның өмірін жалмады, олардың ішінде бала да бар, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.
Оқыс оқиға өткен түнде тіркелген. Сағат 2:46-да 101 қызметіне «Волна» саяжайшылар қоғамының аумағында үй өртеніп жатқандығы жайында мәлімет түскен. Шақыртуға жедел жеткен өрт сөндірушілер үш жарым сағат бойы жалынмен арпалысқан.
35 шаршы метр үй өртеніп кетті. Күл арасынан үш адамның мәйіті табылды. Бірі 1961 жылы туған ер адам. Әйел мен баланың кім екендігі анықталуда.
Өртті сөндіруге Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің 14 қызметкері мен 4 бірлік техника жұмылдырылды.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды