$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.09.2019, 15:09
Оқиғалар

Маңғыстау облысында шенеунік шетелдік жұмыс күшін тарту үшін пара алды деген күдікке ілікті

Ол шетелдік компания өкілдерінен жүйелі түрде 500-ден 1000 АҚШ долларына дейінгі мөлшерде пара алды деп айыпталады

Маңғыстау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен Маңғыстау облысының "Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің шетел жұмыс күшін тарту бөлімінің басшысына қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ол облыс аумағында еңбек ететін шетел азаматтарына жұмыс визаларын кедергісіз алып бергені және ұзартқаны үшін шетелдік компания өкілдерінен жүйелі түрде 500-ден 1000 АҚШ долларына дейінгі мөлшерде пара алды деген күдікке ілікті. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдікті Ақтау қаласы ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды, «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Серіктес жаңалықтары